Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар eGov жүйесі арқылы жеке құжаттарына өзгерістер енгізе алады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Туу туралы куәлік
Туу туралы куәлік. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгінде eGov желісінде жаңа қызмет пайда болды. Енді қазақстандықтар құжаттарына өз бетінше өзгеріс енгізе алады. Бұл туралы "Электрондық үкіметтің" ресми порталында хабарланды.

Мамандардың айтуынша, енді қазақстандықтар eGov.kz "Электроннық үкімет" порталында өздері туу туралы куәлікке, аты-жөнін өзгертуге, неке қию және ажырасу, бала асырап алу және қайтыс болу туралы актілік жазбаларға өзгерістер енгізе алады.

"Жаңа қызмет жеткілікті негіздер болған жағдайда және мүдделі тұлғалар арасында дау болмаған кезде құжаттарға жоспарлы өзгерістер енгізуді (қате енгізілмеген өзгерістер) көздейді. Мысалы, атын, тегін, және әкесінің атын өзгерту", – делінген хабарламада.

"Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгзу" жаңа қызметінің көмегімен актілік жазбаларға өзгерістер енгізу және құжаттарды қайта шығару үшін негіздемелерді көрсетіп, растайтын құжаттарды қосып өтінім беруге болады.

Кез келген қазақстандық құжаттарына мынадай жағдайда өзгерістер енгізе алады:

  • тегін және атын, әкесінің атын өзгерткенде;
  • әке болу туралы сот шешімінің күші жойылғанда;
  • некеде тұрмаған ананың туу туралы актілерді тіркеу кітабына баланың әкесі жөнінде мәліметтер енгізу туралы өтініш берген жағдайда;
  • егер азаматтық хал актісін тіркеу кезінде қателер (бұрмалаулар, мәліметтерді немесе жекелеген сөздердітастап кету) жіберілген болса;
  • азаматтық хал актілері жазбаларындағы қателер сот тәртібімен анықталғанда;
  • некені бұзуға немесе некенің жарамсыз деп тануға байланысты ерінің (зайыбының) тегі өзгертілгенде;
  • ұл/қыз асырап алудың күшін жою немесе оның күші жоқ деп тану, сондай-ақ некенің күші жоқ деп тану туралы сот шешіміне байланысты;
  • ұлты өзгерген жағдайда;
  • ата-ананың арасындағы некенің тоқтатылуына немесе некенің жарамсыз танылуына байланысты кәмелетке толмаған баланың тегін өзгерткенде және т.б.

"Көптеген қазақстандық eGov.kz порталында актілік жазбаларға өз бетінше өзгеріс енгізуге болатынын біле бермейді. Мұнда Сіз туу туралы, неке қию туралы және некені бұзу туралы куәліктер секілді құжаттарға енгізілген өзгерістерді қоса алып, оларды қайта шығаруға өтініш бересіз.

Мәселен, егер бұрын адамның тегін өзгерту үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек болса, қазір оны электронды түрде жасауға болады және ол үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ", – деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Аталған қызмет Электрондық үкімет порталының "Азаматтарға" – "Отбасы" бөлімінен табуға болады.

Азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге өтініш беру үшін:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өту керек;
  • қызметтін түрін таңдау қажет;
  • куәлік беретін ХҚКО филиалын таңдау керек;
  • қазақстандық отбасы жағдайы мен табыс көзін көрсетуге тиіс;
  • актілік жазбаның нөмірі мен тіркелген күнін көрсетіп, оған өзгерістер енгізу қажет;
  • азамат акт жазбасы үшін қандай өзгерістер, түзетулер, толықтырулар қажеттігін көрсетуге міндетті;
  • өзгерістер енгізу үшін растайтын құжатты тіркеу қажет;
  • төлем жасау керек;
  • өтінішке қол қою қажет.

Қызмет нәтижесі eGov.kz порталының мәртебе парағында және жеке кабинетінде Хабарлама түрінде пайда болады. Дайын құжатты өтінімде көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталығынан алу қажет.

Бұл жаңартулар президенттің бюрократиядан арылту жөніндегі Жарлығы аясында жүзеге асырылғаны атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032706-qazaqstandyqtar-egov-zuiesi-arqyly-zeke-quzattaryna-ozgerister-engize-alady/