Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда автобус әйнегі бір айлық сәбиімен отырған келіншектің үстіне құлап түсті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Автобус әйнегі сынды
Фото: ekaraganda.kz

Кеше, 16 тамызда қарағандылық автобустардың бірінде қолында бір айлық сәбиі бар 21 жастағы қыздың үстіне автобустың терезесі құлап кеткен. Автопарк жағдайға түсініктеме берді, деп жазады Ekaragandа.

Оқиға куәгерінің басылымға айтуынша, әйнек еш себепсіз өздігінен құлап кеткен: апат болған жоқ, ешкім тас лақтырған жоқ - ол жай ғана жолаушылардың басына опырылып түскен. Қуанышқа орай, сәбидің беті көрпемен жабылғандықтан, ол зардап шекпеген. Жас ананың өзі шашынан шыны кесектерін алып, қолын жарақаттап алған.

"Ешкім ештеңе түсінген жоқ. Бұл жол апаты емес. Ешкім тас лақтырған жоқ. Мен қызыммен осы терезенің жанында ғана отырдым. Баланы көрпемен жауып қойғаны жақсы болды. Әйтпесе, бетіне құлап кетер еді. Көрпе сынықтарға толып қалды. Оның шашынан қанша сынық алдым", - деді жолаушы.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенімен, қарағандылықтар қоғамдық көліктің жағдайына наразы.

"Жүргізуші полиция шақырған жоқ. Ол жолаушыларға осындай сынған әйнекпен "Караван" аялдамасына апаратынын айтты. Адамдар ұрыса бастаған соң ол кешірім сұрады. Ал бізге оның кешірім сұрағанының не керегі бар? Автопарктар мұндай автобустарды неге шығарады", - дейді тұрғын.

Қала тұрғыны автопарктің үстінен арызданбақ.

Ал автопарк басылымға автобус жолға шығар алдында тексерілгенін хабарлады. Автобустың жағдайы қанағаттанарлық болған, әйнегі өздігінен опырылып түскен екен.

"№3 автопарк әкімшілігі №5 бағыттағы автобустың әйнегі сынған мән-жай анықталғанын, оның өздігінен жарылғаны белгілі болғанын хабарлайды.

Мұндай жағдайлар техникалық жағдайына Қарағанды жолдарының сапасы кері әсерін тигізетін жаңа автобустарда да кездеседі. Біз бұл автобустың механиктің сапар алдындағы тексеруінен өткенін мәлімдейміз. Автобустың жағдайы қанағаттанарлық", - деді автопарк мамандары.

Автобус жолаушыларына өтемақы төленеді ме деген сұраққа автопарк заң бойынша өтемақы талап етілмейді деп жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032787-qaragandyda-avtobus-ainegi-bir-ailyq-sabiimen-otyrgan-kelinsektin-ustine-qulap-tusti/