"2 млн теңге бопсалаған": Теміртауда күдіктіні ұстауға арнайы жасақ тартылды (видео)
Жарияланған күні:
34 жастағы Теміртау тұрғыны полицияға жүгініп, белгілі бір адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2 млн теңге бопсалағанын хабарлаған. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды ІІМ Telegram арнасында.
Полицияның мәліметінше, 34 жастағы қала тұрғыны белгілі бір адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2 млн теңге бопсалағаны туралы хабарлады.
Қарағанды облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Арлан" жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адамды ұстаған.
"Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту жұмыстары кезінде кастет және пневматикалық тапанша тәркіленді", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 194-бабына "Бопсалау" сәйкес қылмыстық іс қозғалған.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032817-2-mln-tenge-bopsalagan-temirtauda-kudiktini-ustauga-arnaiy-zasaq-tartyldy-video/