Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға көлік нөмірлерін онлайн беруге рұқсат етілмек

Жарияланған күні:

Көліктер
Көліктер. Көрнекі фото: Рixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Instagram парақшасында автокөлік жүргізушілеріне жағымды жаңалық айтты. Келер жылдан бастап қазақстандықтар мемлекеттік нөмірлерді онлайн бере алады.

"Достар, Цифрландыру министрлігі қазақстандықтар үшін көптеген мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, ауқымын кеңейткенін білесіздер. Бүгінде олардың арасында автокөлікті сатып алу-сату және қайта рәсімдеу онлайн қызметі үлкен сұранысқа ие. Бұл Қазақстанның Ішкі істер министрлігімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде мүмкін болды.

Бүгінгі таңдағы ең үлкен жетістіктің бірі - 2024 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтар көлік нөмірін, дәлірек айтсақ, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін жаңа иесіне онлайн режимінде бере алуы", - деп жазды Мусин.

Мусиннің айтуынша, бұрын көлік сатып алғанда, тіпті онлайн транзакция жасағанда да көліктің жаңа иесі жаңа нөмір алу үшін арнайы ХҚО-ға келуі керек еді. Енді бұл қажеттілік жойылды.

Сонымен қатар министрлік сұранысы жоғары көлік нөмірлерін жақын туыстарына беру мүмкіндігін жасауды қолға алған.

"Тағы бір маңызды жаңалық бар. Меншік иесі тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің қайта тіркелуін алып тастағымыз келеді. Сонымен қатар біз ел азаматтарының автокөлікті бастапқы тіркеу кезінде тапсыруға тиісті құжаттарының санын азайттық, кейбір жағдайларда біз арнайы ХҚО-ға бару қажеттілігін жойдық", - дед министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032843-qazaqstandyqtarga-kolik-nomirlerin-onlain-beruge-ruqsat-etilmek/