Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пикникке шығам деушілер үшін құнды кеңес

Жарияланған күні:

Пикник
Фото: Choco

Қаланың шуынан бой сергітіп, көңіл көтергім келеді деушілер үшін табиғат аясында пикник ұйымдастыру - демалыстың таптырмас түрлерінің бірі. Бірақ пикник тыңғылықты дайындық пен ұйымдастыруды қажет етеді. Демалысты баратын жерден бастап, ойын-сауық түрлері, тамақ пен ең керекті заттарға дейін жоспарлауға тура келеді. Алғашқы екеуі әркімнің қалауына қарай өзгере берсе, кейінгі екеуі негізінен жалпыға ортақ. Төменде табиғат аясындағы демалысқа арналған тамақ пен қажетті заттар туралы кеңестер ұсынылған.

Пикникке алып шығатын немесе пикникте әзірленетін тамақ көпшілікке ұнайтын, жылдам дайындалатын, тез бұзылмайтын, қауіпсіз болуы керек. Оның үстіне далада ас сіңімді болатынын, жақсы желінетінін ескерсек, тамақты дұрыс жоспарлаудың маңызы арта түседі.

Артық зат алмаймыз

Кей азық-түлік ұзақ жолға шыдамайды. Тамақтан уланып қалмас үшін тез бұзылатын тамақты тізімнен алып тастау керек. Әсіресе балық, крем жағылған десерттер, балмұздақ пен кесілген сырды үйде қалдырған абзал. Олардың орнына бірнеше сағат жолда еш бүлінбейтін төмендегідей заттарды аламыз:

  • Маринадталған ет. Бір-екі сағат жолда ет әбден бабына келіп, одан тамаша кәуап шығады. Әзірлеуге де көп уақыт жұмсамайсыз;
  • Ашылмаған колбаса мен сосиска;
  • Жеміс-жидектер мен көкөністер. Олар қышқыл тартып кетпес үшін үйден шығарда жуып, тураудың қажеті жоқ;
  • Нан, тоқаш;
  • Консервіленген паштеттер;
  • Ауа кірмейтіндей оралған сыр.

Пикникте не әзірлейміз?

Табиғатқа тамақ жасауға емес, демалу үшін шыққаныңызды ұмытпаңыз. Сондықтан ас пісіру уақыт пен күшіңізді көп алмауға тиіс. Барынша қарапайым нәрсе жасауға тырысыңыз.

Мәселен:

  • Түрлі сэндвич пен брускеттер. Нан тілімдеріне аздап сұйық май жағып, ортасына сыр мен қызанақ қойып, отқа қақтайсыз. Тамаша сэндвич шығады.
  • Ет тағамдары. Түтіндетіп жасаған тамақ далада тіптен дәмді болады. Кәуап дейсіз бе, тауық қанатшалары ма, шұжық па, кебаб, котлет пе патша көңіліңізге қарай әзірлей беріңіз.
  • Көкөністер. Картопты фольгаға орап, отқа қақтауға болады. Ал баклажан, қызанақ, болгар бұрышынан әзірленген ыстық салат, қуырылған кәді дәмді ғана емес, тойымды да.
  • Алма, банан, шабдалы сияқты жемістер де жүрек жалғағанға жақсы.
  • Табадағы сыр, шампурдағы хачапури, лавашқа оралған сулугуни тілімдері де жылдам әрі оңай дайындалады.

Тамақ мәселесі түсініктірек болса, ең керекті заттарға тоқталайық. Түртіп алыңыз:

  • Плед. Суық өткізбейтіндей жылы болғаны тіптен жақсы.
  • Дымқыл салфетка.
  • 5-10-литр су. Барған жеріңізде бұлақ болмаса, тамаққа, ішкенге, көкөніс, жемістерді жуғанға керек.
  • Дәрілік заттар. Күнге күюден қорғайтын, қандай-да бір жәндік шағып алғанда жағатын крем, мазь, йод, бинт алуды ұмытпаңыз.
  • Үстел ойындары, доп, бадминтон, секіргіш, карта пикникте ермек қылуға жақсы.
  • Ыдыстың қағаздан жасалғанын қолданған дұрыс. Өртеп, өшіріп кетуге болады. Пластик ыдыстар болса, өртемей, арнайы орындарға тастаған жөн.
  • Термосөмкелер мен мини-тоңазытқыштар тағамды сақтауда көп көмегі тиеді.
  • Пышақ, сіріңке.
  • Фольга.
  • Гигиеналық заттар.

Пикник айтқанымыздай, біршама дайындықты қажет етеді. Бірақ бұл - демалысты кейінге қалдыруға себеп емес. Жоғарыда аталған нәрселерді өзіңіз барып алуға уақыт тапшы болса, үйге алдырыңыз. Choco Рядом сервисі азық-түлік пен қажетті заттарды есігіңізге дейін 15 минутта әкеліп береді. Жылдам жеткізуге тапсырыс беріп, пикникке шығу арқылы өзіңізге рахат сыйлаудан бас тартпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032896-piknikke-sygam-deusiler-usin-qundy-kenes/