Ақтөбе ауылдарында үй бағасының шарықтап кеткені рас па
Жарияланған күні:
Осы өңірдегі тілшілер таратқан мәліметке қарасақ, Ақтөбе ауылдарындағы баспана бағасы айтарлықтай шарықтап кеткен. Себебін, сарапшылардан сұрап білген едік.
Ғалымжан Керімбек, экономика ғылымдарының кандидаты, Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті:
Қолда бар ақпараттарға қарағанда, кез келген макроэкономикалық көрсеткіштерге жағымды әсер ететін факторлардың бірі – мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуы. Ақтөбе облысы осы жағынан басқа өңірлерге қарағанда көш ілгері. Бір ғана мысал, Үкіметтің «Ауыл аманаты» бағдарламасын 10 ай бұрын бастаған облыс басшылығы ауылды сақтап қалуға нық қадам жасады. Ойланып қараңыз, 2,5 процентпен берілетін несиеге тек ғана ауыл тұрғындары қол жеткізе алады. Ол үшін өзіңіз тұратын ауылдағы үй – баспаңызды кепілдікке қоясыз. 60 ай, былай айтсақ, 5 жылға беріледі. «Ауыл аманатына» қатысқан адамдардың саны - 1400. Енді, бұл әрине ауылдағы үйлер бағасының шарықтауына әсер етеді. Заңды.
Бағаның өсуіне, ауылдағы тұрмыстың жақсаруы мен туған жердің болашағына деген сенім тікелей әсер етіп отырғаны анық.
Қыдырбек Ибрашев, «Ауыл аманаты» жобасына қатысушы:
7 гектардай жерге көкөністер ектік. Қауыны бар, қарбызы бар. Картобы бар. Осындай мүмкіншіліктер беріп жатқан президентімізге, облыс әкіміне , барлығы рахмет! Осының өнімін көріп жатырмыз. Барлық кәсіпкерлерді жұмыла қатысуға шақырамыз.
Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылдық округының тұрғыны Қыдырбек Ибрашевтің айтуынша, Қорықпай, қаржыны алып, кәсіпті дөңгелентуге кең мүмкіндік бар. Осының барлығы ауылға деген, ата – қонысқа деген сенімді арттырды. Нағыз табиғи өсім, табиғи өнім осында емес пе?!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032913-aqtobe-auyldarynda-ui-bagasynyn-saryqtap-ketkeni-ras-pa/