Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмысшыларға қамқорлық": "Қазақмыс" оқу-сауықтыру орталығына жолдамалар таратты

Жарияланған күні:

Жасөспірімдер робототехникамен айналысады
Фото: Kazakhmys Holding

Жұмысшылар мен олардың отбасыларына қамқорлықты басты назарда ұстайтын «Қазақмыс» корпорациясы 2023 жылы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығымен шарт жасасты.

Әлеуметтік бағдарланған компания осылайша қызметкерлерінің балаларына сапалы демалыс ұйымдастыруды қолға алған.

Жоба аясында «Күміс Алқа» және «Алтын Алқа» алқалармен марапатталған көп балалы аналар қатарындағы жұмыскерлердің балаларына, өндірісте еңбек жарақатын және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан I және II топтағы мүгедектердің балаларына, сондай-ақ жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан жандардың балаларына жолдамалар тегін табыс етілді.

Топ қызметкерлерінің басқа санаттары жолдаманың жалпы құнының 20%-ын төлей отырып, балаларын демалдыру мүмкіндігіне ие болды.

Жылдың төрт мезгілінде «Қазақмыс» өндірістері бар өңірлердің балалары әлеуметтік қызметкерлермен, күзетшілермен және дәрігерлермен бірге темір жол арқылы Бурабай курортының үздік лагерьлерінің бірі – «Балдәурен» орталығына келді.

Жасөспірімдер суретке қарайды
Фото: Kazakhmys Holding

Бүгінгі таңда бұл орталықтың ТМД елдерінде және Орталық Азия өңірінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру, сауықтыру, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау қызметтерінің спектрі бойынша баламасы жоқ.

Мұнда балалардың оқуы мен демалысы үшін заманауи жайлы жағдайлар қарастырылған. Орталықта алты қабатты жатын корпусы, бес қабатты тәулік бойы жұмыс жасайтын медициналық кешені, кітап қорына бай заманауи кітапханасы, спорт және ойын залдарынан тұратын екі қабатты спорт корпусы, халықаралық стандарттар бойынша құрылған жабық бассейні және жаңадан жүзіп үйренушілерге арналған шағын бассейні бар.

Күніне бес рет тамақтанудан басқа, демалушылар - массаж, су процедуралары, емдік ванналар, сауналар, коктейльдер, таза ауа сынды профилактикалық және сауықтыру шараларын қабылдады.

Әр ауысымның ашылуы демалысқа келгендерге бір-бірімен танысуға мүмкіндік беру үшін концерттен басталды. Содан кейін әр балаға бос уақытында өз хоббиін табуға мүмкіндік беретін жан-жақты іс-шаралар ұйымдастырылып, күнделікті қызыққа толы бағдарламалар ұсынылды.

Робототехника үйірмесі
Фото: Kazakhmys Holding

Кез келген талғамға сай оқу-танымдық үйірмелер балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Бірі «жас дәрігер» болса, енді бірі робототехника немесе тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындарына қызығушылық танытты. Ал лагерьдегі Ұлттық мұражайға барған кезде өнер туындыларымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Жоғары сұранысқа ие үйірмелердің бірі – сурет сабақтары мен қыш ыдыстары үйірмелерінде балалар өздері жасаған туындыларды «Балдәуреннен» естелік ретінде өзімен бірге алып кету мүмкіндігіне ие болды.

Бурабай курортының туристік орындарына экскурсиялар «Балдәуреннің» міндетті атрибутына айналды. Балалар Оқжетпес тауы, Абылай хан алаңы және Жұмақтас жартасы сияқты тарихи орындармен танысып, жылы және шуақты ауа райында Шортан көлінде шомыла алды. Сондай-ақ балаларға катамаранмен серуендеу үлкен қуаныш сыйлады.

Ауысымның жабылуы әдетте шахмат, дойбы, үстел теннисі және футболдан үздік спортшыларды марапаттаумен аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033051-zumyssylarga-qamqorlyq-qazaqmys-oqu-sauyqtyru-ortalygyna-zoldamalar-taratty/