Шымкент қаласының тұрғыны іссапармен Алматыға барып, жоғалып кеткен
Жарияланған күні:
Читать на русскомШымкент тұрғыны пойызбен Алматыға келіп, кейін туыстарымен байланысын тоқтатқан. Оқиғаға қатысты Шымкент полиция департаменті түсініктеме берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Instagram-дағы _volontery_shymkent_LIDER.KZ парақшасында Шымкент қаласының тұрғыны, 1977 жылы туған Малиновский Дмитрий Михайловичтің бірнеше күн бойы туыстарымен байланысқа шықпай жатқаны туралы жазба пайда болды.
Еріктілердің айтуынша, 13 тамыз күні сағат 22:55-те ер адам пойызбен Алматыға кеткен. 14 тамыз күні сағат 15:30-да өзінің қалада екенін айтқан. Содан бері оның қайда екені белгісіз.
Шымкент қалалық ішкі істер департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"16 тамызда Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан күйеуінің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
Әйелдің сөзінше, ер адам 13 тамыз күні сағат 21:45-те Алматы қаласына пойызбен іссапарға кеткен. 14 тамыз күні сағат 15:35-те ол келгені туралы хабарлаған, бірақ содан кейін әйел адам ер азаматқа хабарласа алмаған.
Аталған факті әл-Фараби аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта жиналған материалдар Алматы полиция департаментіне жіберілді", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033082-symkent-qalasynyn-turgyny-issaparmen-almatyga-baryp-zogalyp-ketken/