Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болмақ

Жарияланған күні:

Жауын-шашын
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктердің болжамынша, 19-21 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінде хабарлады.

Метеорологтардың болжауынша, алдағы үш күнде Қазақстан бойынша ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте қатты жауын-шашын күтіледі және бұршақ жаууы мүмкін.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшеюі мүмкін деген болжам бар.

Солтүстікте ауа температурасы күндіз 20-25 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде, ал Қазақстанның қалған бөлігінде температуралық фон өзгеріссіз қалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033084-elimizde-aldagy-us-kunde-aua-raiy-qandai-bolmaq/