Сенбі күні еліміздің өңірлерінде қандай ауа райы күтілуде
Жарияланған күні:
Синоптиктер сенбі яғни 19 тамыз күні еліміздің өңірлерінде ауа райы қандай болатынын болжады. Мамандар ертең Республиканың көп бөлігінде күн жауын-шашынсыз болатынын мәлім етті, деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктер болжамынша, Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарында фронтальды бөлімдер өтуімен, найзағаймен қоса өткінші жаңбыр жауады. Бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Республика бойынша екпінді жел болжануда.
Ал еліміздің солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының батысы мен оңтүстігінде 35-38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігі мен батысында және оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033103-senbi-kuni-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolmaq/