Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы алғашқы LRT желісі қашан іске қосылады

Жарияланған күні:

Читать на русском
LRT
LRT. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында қарастырылған мегаполистің көлік құрылымы туралы айтты. Бұл туралы ол өткен жұмада мемлекет басшысына берген есебінде баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Досаевтың айтуынша, бас жоспарда қоғамдық көлік желісімен біріктірілген 5 жаңа полиорталық құру қарастырылған.

"Болашақта транспорттың негізі - метро, LRT және BRT сында қолжетімді әрі жылдам жүретін қоғамдық транспорт болмақ. Ол тұрғындардың 75 пайызына қолжетімді болады. Бұл жолаушылардың қозғалыс жылдамдығын 20-30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді", - дейді Ерболат Досаев.

Оның сөзінше, бірінші кезеңде 2024 жылы Райымбек даңғылындағы BRT пилоттық дәлізінің құрылысы басталады және екінші көлікке тегін ауысып отыруға мүмкіндік беретін жаңа тарифтік баға енгізіледі.

Екінші кезең барысында, 2025-2026 жылдары LRT көлік дәліздерінің саны 10-ға дейін ұлғаяды және ұзындығы 26 км болатын бірінші LRT желісі іске қосылады. Ол желі қаланың батыс бөлігінен орталыққа дейін созылады. Бұл ретте, Алматы-1 және Алматы-2 станциялары жер үсті метрополитені арқылы біріктірледі.

Сондай-ақ Досаев 2025 жылы 2025 жылы қалалық магистральдарды, қоғамдық көліктерді және "ақылды" бағдаршамдарды біріктіретін интеллектуалды жүйені іске қосу жоспарланып отырғаын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033314-almatydagy-algasqy-lrt-zelisi-qasan-iske-qosylady/