"Бұрыш баллонымен шабуыл жасаған": Алматыда жас жігіт ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматыда полицейлер жастарға бұрыш баллонымен шабуыл жасап, смартфондарын тартып алған деген күдікпен 20 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.
Полицейлердің мәліметінше, тәртіп сақшылары күдікті 2003 жылы туған азаматты Әуезов ауданында ұстаған.
"Шабуыл жасағанда күш көрсетіп, бұрыш баллонымен қорқытқан. Жалғыз өтіп бара жатқандар жігіттің талабын орындаған. Осыған ұқсас қылмыстардың бірі Ақсай ықшамауданында жасалған. Ешкім жоқ аллеяда ол жасөспірімнен ұялы телефон мен ақшасын алып кеткен", - деді Әуезов аудандық ІІБ басшысы Ұлан Әбілқайыр.
ІІБ басшысы ұсталған азаматтың басқа да тонау әрекеттеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын айтты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
ІІМ мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де ақпарат таратуға жатпайтыны атап өтілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033520-burys-ballonymen-sabuyl-zasagan-almatyda-zas-zigit-ustaldy/