"Күмәнді сілтеме арқылы өтпеңіздер": СҚО полициясы желіде домофонға қатысты жалған ақпарат тарап жатқанын ескертті
Жарияланған күні:
Солтүстік Қазақстан облысының полициясы WhatsApp желісінде домофон ауыстыруға қатысты жалған ақпарат тарап жатқанын ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырды. Бұл туралы Telegram-дағы ІІМ жаңалықтары ресми арнасы хабарлады.
Полиция мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының мессенджерлерінде QR-код көрсетілген домофонды ауыстыру туралы хабарландырудың фотосуреті тарап жатыр.
"Әлеуметтік желілерде желі қолданушылары домофонды ауыстыру туралы басқарушы компаниялардың бірінің хабарландыруын таратуда. Таратылып жатқан хабарландыру анық емес ақпарат болып табылады.
Осы сияқты хабарландыруларда көрсетілетін QR-кодтарды сканерлемеңіздер және күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіздер.
Азаматтардан тек ресми ақпаратқа сенуді не болмаса домофонды жөндеумен айналысатын қызмет көрсетуші компанияларға хабарласуды сұраймыз", - дейді СҚО полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033771-kumandi-silteme-arqyly-otpenizder-sqo-policiyasy-zelide-domofonga-qatysty-zalgan-aqparat-tarap-zatqanyn-eskertti/