Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конституция күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Видеодан кадр: YouTube/Тұңғыш президент кітапханасы

Қазақстандықтар 30 тамызда Конституция күнін атап өтеді. Бұл күн - мемлекеттік мереке. Мерекеге байланысты ел тұрғындары неше күн демалатынын KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыз.

"Электрондық үкіметтің" ресми сайтындағы күнтізбеге сәйкес, 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні биыл сәрсенбіге сәйкес келіп тұр. Осы орайда мерекенің құрметіне қазақстандықтар 1 күн демалады.

Мереке күні жұмыс күніне тұспа-тұс келіп тұрғындақтан, бұл жолы жұмыс күндері мен демалыс күндерінің ауысуы жоспарланып отырған жоқ.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес, Конституция күні мемлекеттік мереке болып саналады.

Мемлекеттік мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін.

Айта кетейік, 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған болатын. Бұл күні еліміздің облыстары мен қалаларында дәстүрлі түрде жаппай мерекелік шаралар мен концерттер өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033910-konstituciya-kunine-orai-qazaqstandyqtar-nese-kun-demalady/