Павлодарда жалаңаш қыз кішкентай баланың соңынан жүгірген
Жарияланған күні:
Читать на русскомБұған дейін қала тұрғыны Павлодарда жалаңаш жүгіріп жүріп, баланы қорқытқан қызға шағымданған болатын. Жергілікті полиция оның кім екенін анықтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Басылым мәліметінше, оқиға 27 тамызда Затонский базарының маңындағы Васильев көшесінде болған.
Павлодар полиция басқармасының Оңтүстік бөліміне әйел адам жүгінген болатын. Ол бейтаныс жалаңаш қыз алты жасар ұлының соңынан жүгіргенін айтқан. Әйелдің сөзінше, қыз жануар сияқты ырылдап, баланы қорқытқан.
Қала тұрғыны қыз психотроптық заттардың әсерінде болды деп болжайды.
Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады, ол 19 жастағы Павлодар облысының тұрғыны болып шықты. Оған қоғамдық орындарда тиісу бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034363-pavlodarda-zalanas-qyz-ul-balanyn-sonynan-zugirgen/