Кімдердің Астанаға кіруіне шектеу қойылуы мүмкін: Тамара Дүйсенова жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомМинистрлер кабинетінің кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астанаға көші-қонды шектеу мәселесі неліктен туындағанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Тамара Дүйсенова бүгінде елордада 1 миллионнан астам адам тұратынын, ал бұрын Ақмола халқының саны небәрі 300 мың адам болғанын атап өтті.
"Жастар бұл жерге жоғары оқу орындарында білім алу үшін келеді, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр, бірақ қазіргі инфрақұрылым адамдарға қолайлы өмір сүру жағдайын жасауға мүмкіндік бермейді, егер болашақта инфрақұрылым, атап айтқанда, әлеуметтік инфрақұрылым жасалса, онда еркін көші-қон мәселесін шешуге болады.
Бірақ әзірге шектеу мәселесін көтеруге мәжбүрміз. Бүгінде жалпы инфрақұрылымды ескере отырып, бұл ең тиімді шешім деп санаймын", - деді Тамара Дүйсенова.
Оның айтуынша, Астана қаласының әкімдігінде тиісті заң жобасы дайындалып жатыр.
"Оқуға, жұмыс істеуге келгендер үшін университет пен жұмыс берушілер тұрмыстық жағдай жасаған жағдайда ешқандай шектеу қойылмайды. Сондай-ақ қысқа мерзімге демалуға, ем алуға келгендерге де шектеу болмайды", - деді ол.
Министрдің сөзінше, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзатын әрекетке жатпайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034444-kimderdin-astanaga-kiruine-sekteu-qoiyluy-mumkin-tamara-duisenova-zauap-berdi/