Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүйсенова Астанаға көші-қонды бақылауды күшейту туралы: Адамдар гаражда тұрмауы керек

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тамара Дуйсенова
Тамара Дуйсенова. Фото: primeminister.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астанада өткен баспасөз конференциясында елордада көші-қонға қатысты қандай нормаларды күшейту керектігін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Тамара Дүйсенова қазақстандықтардың елордаға келуі мен кетуіне ешқандай шектеулер жоқ екенін және болмайтынын атап өтті.

Оның айтуынша, шектеулер тек тұрғын үй емес үй-жайларды басқа азаматтарға жалға беретін адамдарға әсер етуі мүмкін.

"Жұмыс тобы басқа аймақтардан тұрғын үй іздеп келген адамдар үшін тұрғын үй емес үй-жайларды жалға беретін тұлғалардың жауапкершілігін арттыруды ұсынды. Бұл адамдар көбіне бірінші кезекте медициналық қызмет алу кезінде қиындықтарға тап болады, екіншіден, мектепке баруы қиындайды.

Шектеу тек тұрғын үй емес үй-жайларды жалға беретіндерге қатысты. Қалғанының бәрі: тұрғын үй, пәтер, саяжай учаскелері, олар бұрын да болған, қазір де қалады. Яғни біз Қазақстанның заңына бағынуымыз қажет және елордаға тұрғын үй іздеп келген кез келген адамның тиісті тұрмыстық жағдайлары болуы керек", – деді вице-премьер.

Сондай-ақ Тамара Дүйсенованың сөзінше, елордаға келушілер тұрғын үй емес үй-жайларды жалға алған жағдайда тіркеу ережелерін бұзады.

"Яғни егер адам тұрғын үй емес үй-жайды, (мысалы - ред.) гаражды жалға берсе және адамдар сондай жағдайда тұратын болса, олар бұл жерде тіркелмейді. Ал (тіркелмесе - ред.), кейін әлеуметтік көмек алу қиынға соғады. Сондықтан тұрғын үй емес үй-жайды жалға беретіндер үшін жауапкершілікті арттыру ұсынылды.

Адамдар гараждарда тұрмауы керек. Оған қоса бұл санитариялық нормаға сәйкес келмейді. Мұндай фактілер өте көп. Ішкі істер министрлігі осындай норманы енгізіп, айыппұл көлемін екі есеге арттыруды ұсынып отыр.

Мысалы, азаматқа тұрғын үй емес үй-жай жалға берілсе, (жалға беруші төлеуге тиіс – ред.) айыппұл мөлшерін 15 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін (51,7 мың теңгеден 103,5 мың теңгеге дейін – ред.) арттыру ұсынылды. Бұл ұсыныс қарастырылып жатыр. Нақты шешім қабылданған жоқ. Желтоқсанға дейін әкімдіктің, үкіметтік емес ұйымдардың және министрліктердің ұсынысы қаралатын болады", – деп түсіндірді вице-премьер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034520-duisenova-astanaga-kosi-qondy-baqylaudy-kuseitu-turaly-adamdar-garazda-turmauy-kerek/