Сенбі күні еліміздің өңірлерінде ауа райы қандай болмақ
Жарияланған күні:
Синоптиктер сенбі күні еліміздің өңірлерінде қандай ауа райы болатынын болжады. "Қазгидромет" мәліметінше, 2 қыркүйек күні қазақстандықтарды тұрақсыз ауа райы күтуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр болады. Тек елдің батысында, оңтүстігінде ашық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Сонымен қатар синоптиктер мәліметінше, Республика бойынша найзағай күтіліп, екпінді жел соғкады. Бұршақ күтіледі. Республиканын оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстік-батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстігінде және орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Орталықта, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034976-senbi-kuni-elimizdin-onirlerinde-aua-raiy-qandai-bolmaq/