"Жиhаздың бәрін жертөлеге шығарып тастадым": Петропавл тұрғыны кеме жасау үшін пәтерін цехқа айналдырған (видео)
Жарияланған күні:
Петропавл қаласының тұрғыны Евгений Осташко ұзындығы бес метрден асатын кеме жасап жатыр. Ол үшін өз пәтерін цехқа айналдырған. Шебер туындыны құрастыруға 20 жылдан астам уақыт жұмсаған, деп хабарлайды "Хабар24".
Телеарна мәліметінше, Евгений Осташко су көліктеріне бала кезінен құмар. Ол ойындағы кемені жасауды осыдан 23 жыл бұрын қолға алып, пәтерінде құрастыра бастаған. Ал жақында оны сыртқа шығарған. Тек бесінші қабаттан кранмен бөлшектеп түсіруге тура келген.
"Бөлмемнің ұзындығы бар болғаны алты метр. Ал мына қайық болса бес метр. Барлық жиhазды жертөлеге шығарып тастадым. Осылайша қолда бар материалмен құрастырдым. Жиырма жылдан астам уақыт пәтерде тұрды. Қазір бөлмем әжептәуір кеңейіп қалған секілді. Жалпы бұл қайықты жасап жатқанымды көбі білмеді", - дейді Евгений Осташко.
Телеарна ақпаратынша, қазір шебердің туындысы 80 пайызға дайын. Ол алдағы көктемде кемені толық аяқтауды жоспарлап отыр.
"Демалыс күндері табиғат аясында уақыт өткізу үшін тапсырмас көлік. Жағада шатыр құрып әуре болмайсың. Алты адамға арналған жатын орны бар. Әрі бұл кеме 1,5 метрлік толқынға қарсы жүзе алады. Болашақта сынақтан өткіземін. Сол күнді асыға күтіп жүрмін", - дейді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035057-zihazdyn-barin-zertolege-sygaryp-tastadym-petropavl-turgyny-keme-zasau-usin-paterin-cexqa-ainaldyrgan/