177 адам суға батып кеткен: ТЖМ шомылу маусымының қорытындысын жариялады
Жарияланған күні:
Қазақстанда шомылу маусымының қорытындысы шығарылды. Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, суға түсу маусымында 177 адам суға батып кеткен. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
ТЖМ дерегінше, суға түсу маусымы 1 маусымнан 31 тамызға дейін созылады.
Осы кезеңде құтқарушылар судан 136 адамды, оның ішінде 51 баланы құтқарған.
"Барлық жерде жүргізілген жұмыстарға қарамастан, 177 адам, оның ішінде 53 кәмелетке толмаған бала суға батып кетті", – делінген хабарламада.
Суға батқандардың 98 пайызы жабдықталмаған жағажайларда шомылған.
Ведомство дерегінше, балалар жиі ересектердің қарауынсыз қалғандықтан суға батқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035467-177-adam-suga-batyp-ketken-tzm-somylu-mausymynyn-qorytyndysyn-zariyalady/