Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК: Солтүстік Кипрден Қазақстанға Елдос Коспаев және ол бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі жеткізілді

Жарияланған күні:

күдіктілер
Күдіктілер. ҰҚК: ҰҚК

Солтүстік Кипрден Қазақстанға Елдос Коспаев және ол бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі жеткізілді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми сайтында хабарлады.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылғы 6 қыркүйекте жүзеге асырған операциясының қорытындысы бойынша Солтүстік Кипрден Қазақстанға Елдос Коспаев және ол бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі жеткізілді.

Аталған адамдарды бұған дейін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігі рейдерлік жасады, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оған қатысты деген күдікпен халықаралық іздестіруге жариялаған болатын.

Тергеу мәліметтері бойынша, оның мүшелері қорқыту және зорлық-зомбылық жасау арқылы кәсіпкерлердің мүлкін, олардың компаниялардағы үлестерін тартып алған, сондай-ақ көлеңкелі бизнеспен айналысқан", - делінген ҰҚК хабарламасында.

ҰҚК операциясы шеңберінде шетелдік әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, топ қатысушыларының орналасқан жерлерін анықтау, сәйкестендіру және ұстау жөніндегі қажетті жедел іс-шаралар ұйымдастырылғанын атап өтті.

Сонымен қатар ведомство күдікті адамдарды ҰҚК "А" арнайы мақсаттағы қызметінің жауынгерлері Астана қаласына жеткізіп, қылмыстық қудалау органының қызметкерлеріне тапсырғанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035565-uqk-soltustik-kiprden-qazaqstanga-eldos-kospaev-zane-ol-bastagan-qylmystyq-toptyn-7-musesi-zetkizildi/