Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлына қатысты дау: Алматы полициясы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Полицейлер
Полицейлер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласы полиция департаменті Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлына қатысты дауға байланысты пікір білдірді. Ведомство NUR.KZ тілшісіне тараптардан арыз түспегенін айтты.

"Алматы қаласының полиция департаменті бұл факті бойынша ішкі істер органдарына арыз-шағым түспегенін хабарлайды. Дегенмен оқиғаға қатысушылардың кім екені анықталды. Олар мәселенің сол күні шешілгенін және бір-біріне шағымы жоқ екенін айтып, полицияға арыз жазудан бас тартты", - деп хабардар етті полициядан.

Айта кетейік, бүгін журналистер депутат Дәулет Тұрлыхановтан ортаншы ұлына қатысты дауға пікір білдіруін сұраған болатын. Өзінің қысқаша жауабында депутат бұл жаңалықты журналистерден бірінші рет естіп тұрғанын жеткізді.

Кейінірек Дәулет Тұрлыханов Instagram желісіндегі парақшасында ортаншы ұлына қатысты даудың толық видеосын жариялап, мәлімдеме жасады. Депутат бұл оқиғаны кезекті ақпараттық шабуыл деп ойлайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035567-daulet-turlyxanovtyn-ortansy-ulyna-qatysty-dau-almaty-policiyasy-pikir-bildirdi/