Семейде аяусыз соққыға жығылған қыздар видеоға түсіп қалған: полиция пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомӘлеуметтік желіде қыздардың аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео пайда болды. Оқиғаға қатысты Абай облысы полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"2023 жылғы 6 қыркүйекте Семейдегі мейрамханада жантүршігерлік жағдай болды. Сегіз ересек әйел үш қызды ұрып-соққан. Қазір қыздар бас жарақатымен, әртүрлі сынулармен, денедегі көгерулермен ауруханада жатыр", - деп жазылған видео сипаттамасында.
Абай облысы ПД Семей қаласының орталық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі бойынша ("Адамдар тобы жасаған бұзақылық") сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.
"Жанжалға қатысушының барлығы анықталды, олар - 21 мен 29 жас аралығындағы азаматтар. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жедел-іздестіру шарасы жүргізілуде", - деп хабардар етті ведомстводан.
Облыстық ПД Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035688-semeide-ayausyz-soqqyga-zygylgan-qyzdar-videoga-tusip-qalgan-policiya-pikir-bildirdi/