"Қорғаста" қару қолданылған жаппай төбелес болды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском"Қорғас" (ШЫХО) шекара аумағында қару қолданылған жаппай төбелес болды. Полиция төбелеске қатысушы тараптарды анықтап, шекарадағы оқиғаға қатысты Жетісу облысы бойынша ПД пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Пост авторы "Қорғас" ШЫХО аумағында атыс қаруын қолданып, төбелес болғанын хабарлайды.
Белгілі болғандай, жанжал 6 қыркүйекте тіркелген. Оған 20-26 жас аралығындағы Панфилов ауданының бір топ тұрғыны қатысты.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Барлық қатысушының аты-жөні анықталып, полицияға жеткізілді. Төбелес салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір факті бойынша барлық мән-жай анықталуда. Тергеу жалғасып, қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі. Оқиға орнынан табылған травматикалық тапанша тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді", - деді хабардар етті Жетісу облыстық Полиция департаментінен.
Ведомство өкілдері оқиғаның тергеуін облыстық департамент ерекше бақылауға алғанын атап өтті.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035741-qorgasta-qaru-qoldanylgan-zappai-tobeles-boldy-video/