Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"19 миллион теңгеден астам табыс тапқан": TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды

Жарияланған күні:

Смартфон ұстап отырған қыз
Смартфон ұстап отырған қыз: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда TikTok-та онлайн бәс тігу арқылы құмар ойындарды ұйымдастырғандар сотталды. Олар заңсыз әрекеттерден 19 миллион теңгеден астам табыс тапқан, деп хабарлайды ҚМА Telegram-дағы ресми арнасында.

Агенттік мәліметінше, бұған дейін ҚМА Алматы қаласы бойынша Департаменті әлеуметтік желіде құмар ойындарды тарату бойынша қызметтің жолын кескен болатын.

Тергеу барысында азаматтардың 4 ай ішінде 13 млн теңгеге жуық сомаға ірі мөлшерде табыс табумен үлескен стримдар ұйымдастырғаны дәлелденді.

ҚМА ақпаратынша, аталған екі азамат кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды.

"Заңсыз ойын бизнесі саласындағы дәл осындай құқық бұзушылықтар үшін 19 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде табыс тапқан төрт адамға сот 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды", - делінген хабарламада.

Құзырлы орган әлеуметтік желілерде құмар ойындарды ұйымдастыру заңсыз болып табылатынын, "Ойын бизнесі туралы" заңның нормаларына қайшы келетінін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035816-19-million-tengeden-astam-tabys-tapqan-tiktok-ta-qumar-oiyn-uiymdastyrgandar-sottaldy/