Алматыда 10 қыркүйек күні бірнеше қоғамдық көліктің қозғалысы уақытша өзгереді
Жарияланған күні:
Алматыда 10 қыркүйек күні бірнеше қоғамдық көліктің бағыты уақытша өзгереді. Бұл жыл сайын өткізілетін Charity Music Run музыкалық қайырымдылық жарысының өтуіне байланысты, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.
№201 қоғамдық көлігі оңтүстік бағытта – Мөңке би көшесі – Момышұлы көшесі – Төле би көшесі –одан әрі сызба бойынша;
№201 қоғамдық көлігі – солтүстік бағытта – өзгеріссіз;
№105 қоғамдық көлігі – оңтүстік бағытта – Мамыржай көшесі – Момышұлы көшесі – Төле би көшесі – одан әрі сызба бойынша;
№105 қоғамдық көлігі – солтүстік бағытта – өзгеріссіз;
№19 қоғамдық көлігі– батыс бағытта – Рысқұлов даңғылы – Рысқұлов қиылысының алдындағы бұрылыс /Фариза Оңғарсынова – №178 лицейдің соңғы аялдамасы;
№19 қоғамдық көлігі– шығыс бағытта – қозғалыстың бастауы №178 лицейдің соңғы аялдамасынан - Рысқұлов даңғылынан шығысқа – одан әрі сызба бойынша.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035909-almatyda-10-qyrkuiek-kuni-birnese-qogamdyq-koliktin-qozgalysy-uaqytsa-ozgeredi/