Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматыда басы кесілген әйелдің денесі табылды": сот отырысында күдікті мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Қылмыс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Биылғы жылдың сәуірінде Алматыдағы базарлардың бірінде басы кесілген әйелдің денесі табылған болатын. Кезекті сот отырысында күдікті деп танылған азамат марқұмды өзі өлтірмегенін мәлім етті, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Арна мәліметінше, бүгінгі сот отырысында күдікті "Анаңды өлтірген мен емес" деп мәлімдеме жасаған. Атышулы іске қатысты сот процесі жалғасуда.

Сонымен қатар сотта марқұмның жалғыз қызы жауап берген. Ол бұл істе жәбірленуші ретінде танылған. Айтуынша, күдіктіні бұрын-соңды анасының жанынан көрмеген.

"Үйсіз жүрген жандарға арналған бейімдеу орталығында тұрды. Тығыз қарым-қатынаста болдық деп айта алмаймын. Бөлек тұратынбыз. Арасында балаларымды қарайтын. Асханалардың бірінде ыдыс жуатынын айтатын. Соңғы рет өлерінің алдында, екі апта бұрын көрістік. Сол қаралы күні бізді полиция бөліміне шақырды. Анамды өлтіріп кеткенін сол кезде ғана білдім. Күдіктіні осыған дейін көрмегенмін. Танымаймын", - деді марқұмның қызы.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 12 сәуірде Алматыдағы базарлардың бірінен пакетке салынған адамның басы табылды. Марқұмның 1976 жылы туған әйел екені анықталды. Ол бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Әйелдің денесі базар жанындағы қараусыз ғимараттың маңынан табылды. Кейінірек 61 жастағы күдікті ұсталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035917-almatyda-basy-kesilgen-aieldin-denesi-tabyldy-sot-otyrysynda-tyn-derekter-aityldy/