Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызметкерді дәретханаға қамаған: Тараздық банкир өз бөлімшесін тонады деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Доллар
Доллар. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Таразда бәс тігіп, қарызға белшесінен батқан банкир өзі басқаратын бөлімшені тонаған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Кассадағы 24 миллион теңгені алу үшін ол тіпті қол астындағы қызметкерді дәретханаға қамап күш көрсетіпті.

Полицейлер "банк тоналды" деген хабар түсісімен оқиға орнына жеткен. Бірақ 47 жастағы азамат дереу ізін суытып үлгерген.

Осылайша оның оңай ұстатпайтынын сезген сақшылар бірден арнайы операция жасап, күдіктіге іздеу жариялады. Бұл уақытта банк басшысы қаладан қашып үлгермеген. Артынша шаһар сыртына шыға алмайтын біліп, амалсыздан полиция бөлімшесіне өз еркімен келіпті.

Тергеу барысында директор құмар ойынға құнығып қарызға белшесінен батқанын мойындады. Ұтылыстан көз ашпаған ол қолды қылған қаржы арқылы басындағы бес бірдей кредитінен құтылмақ болыпты.

Қазір ақша түгел қайтарылып, ірі көлемде мүлік тонау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"191 баптың 4-бөлігі бойынша, яғни аса ірі мөлшерде жасалған тонау бабы бойынша қылмысық іс тіркелді. Спорттық құмар ойындарынан ұтылвп, қарызға батқанын айтты. Уақытша қамау изоляторына қамалды", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035923-qyzmetkerdi-daretxanaga-qamagan-tarazdyq-bankir-oz-bolimsesin-tonady-degen-kudikke-ilindi/