Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында із-түзсіз жоғалған жасөспірімдер іздестіріліп жатыр

Жарияланған күні:

Жетісу облысында жоғалған жасөспірімдер
Жетісу облысында жоғалған жасөспірімдер. Фото: polisia.kz

Жетісу облысының полицейлері Қаратал өңірінен із-түзсіз жоғалып кеткен үш жасөспірімді іздестіріп жатыр. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.

Медиа-порталдың мәліметінше, Жетісу облысының полицейлері Қаратал ауданында хабар-ошарсыз кеткен үш жасөспірімді іздестіру жұмыстарын бастады.

Басылымның жазуынша, облыстық департамент пен аудандық полиция қызметкерлерінің іздестіру топтары еліміздің үш өңірінде Талдықорған, Алматы қаласы және Алматы облысында іздестіруді жалғастырып жатыр.

"15 жастағы Ақерке Жолдасова 6 қыркүйекте жоғалып кетті. Болжам бойынша, мектеп оқушысы кәмелетке толмаған Амир Тергеуовтың жанында (16 жаста, 6 қыркүйекте жоғалып кетті) болуы мүмкін, оның туыстары да оны іздеуге көмектесу үшін полицияға арыз жазды. 17 жастағы Мұқан Кенжебек 8 қыркүйекте жоғалып кетті. Кәмелетке толмағандардың орналасқан жері әлі анықталған жоқ", - делінген хабарламада.

Полиция хабарлауынша, іздестіру іс-шаралары Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасының ерекше бақылауында.

"Хабар-ошарсыз кеткен адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда мына телефондарға: 8 /7282/ 608-008, 705-110-5557 немесе “102” нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз", - делінген ІІМ хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036160-zetisu-oblysynda-iz-tuzsiz-zogalgan-zasospirimder-izdestirilip-zatyr/