Бас прокуратура елімізде қанша адамға іздеу жарияланғанын мәлімдеді
Жарияланған күні:
Қазақстанның Бас прокуратурасы Telegram-дағы ресми арнасында іздестіріліп жатқан адамдардың статистикасын жариялады.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті дерегіне сүйеніп хабарлауынша, қазіргі уақытта 10 748 адам іздестірілуде, олардың ішінде 2 176 адам хабар-ошарсыз жоғалған.
Өңірлер бойынша жоғалған адамдар:
- Алматы қаласы – 287;
- Қарағанды облысы – 221;
- Павлодар облысы – 170;
- Алматы облысы – 167 тіркелген.
Бас прокуратураның мәліметінше, көбіне 30-дан 49 жас аралығындағы ер адамдардың 77 пайызы әр түрлі жағдайларда жоғалады.
- үйден кетіп, оралмаған адам саны – 1 634;
- автокөлікпен жоғалған – 74;
- жұмыстан кеткен – 36.
Сондай-ақ елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздеуде.
Іздеуде жүргендердің 89 пайызы 31 және 40 жас аралығындағы ер адамдар.
Олардың басым бөлігі алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша іздеуге жарияланған:
- Алматы қаласында – 514;
- Астана қаласында – 185;
- Шымкент қаласында – 155;
- Алматы – 143;
- Қарағанды облысында – 140 адам іздестірілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036216-bas-prokuratura-elimizde-qansa-adamga-izdeu-zariyalanganyn-malimdedi/