Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәжікстан Қазақстан мен басқа елдерден ескі көліктерді әкелуге тыйым салады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жолмен кетіп бара жатқан автокөлік
Автокөлік. Көрнекі фото: pixabay.com

Тәжікстанда келесі жылдан бастап елге ескі көліктерді әкелуге тыйым салынады. Бұл туралы Қазақстан стандарттау және метрология институты Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Мемлекеттік мекеменің мәліметінше, Тәжікстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттерді елге ескі көліктерді әкелуге тыйым салынатыны туралы хабардар еткен. Бұл Қазақстаннан Тәжікстанға әкелінетін автокөліктерге де қатысты.

Шектеу 2013 жылға дейін шығарылған көліктерге қойылады.

"Тәжікстан адам денсаулығына кері әсерін тигізетін, ауаның, қоршаған ортаның ластануының негізгі көзі саналатын ескі көліктердің елге әкелінуіне, сондай-ақ қалдықтардың (аккумуляторлар, дөңгелектер, кондиционерлер) айтарлықтай өсуіне жол бермеуге бағытталған қаулы дайындады", - делінген хабарламада.

"ҚазСтандарт" ақпаратынша, қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036297-tazikstan-qazaqstan-men-basqa-elderden-eski-kolikterdi-akeluge-tyiym-salady/