"ҚазАвтоЖол" мамандары 2,3 млрд теңгеге заңсыз шарт жасасты деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Көкшетау көлік прокуратурасы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Ақмола облыстық филиалында Есіл өзені арқылы өтетін апатты жағдайдағы көпірге жөндеу жүргізуге конкурс өткізбестен заңсыз шарт жасасу фактісін анықтаған. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы ресми сайтында хабарлады.
Ведомство мәліметінше, осы мәміле бойынша 2,3 млрд теңге сомасына "Жақсы-Есіл-Бұзылық" республикалық маңызы бар автожолына күрделі жөндеу жүргізумен қатар жаңа көпір салу жоспарланған.
"Дегенмен көпір тез арада шұғыл араласуды қажет етіп, бәсекелестік процедураларға кедергі келтіретін басқа күш пен технологиялық бұзушылықтар болғандығы анықталмады.
Шарт шеңберінде филиал мердігердің шотына 200 млн теңге көлемінде аванс аударылған, алайда қандай да бір жұмыс басталмаған", - делінген хабарламада.
Бақылау органының ақпаратынша, осы жағдайлардың барлығын растаған аудиторлардың 2022 жылғы 13 желтоқсандағы қорытындысымен мердігер келіспей, сотқа шағымданды.
Сот биыл 30 мамырда ішкі аудиттің қорытындысын (есебін) жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырудан бас тартқан. Сот актісі 2023 жылдың 23 тамызында күшіне енген.
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, филиалдың лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін жымқырғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036556-qazavtozol-mamandary-23-mlrd-tengege-zansyz-sart-zasasty-degen-kudikke-ilindi/