Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дикий Арман" ісі: жәбірленушілер өзіне және отбасына қауіп төніп тұрғанын хабарлады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сот отырысы
Сот отырысы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаңтар оқиғасы кезіндегі "Дикий Арман" ісі бойынша жәбірленушілер өзіне және отбасына ауыпталушылардың тарапынан қауіп төнгенін мәлімдеді. Бұл туралы Алматы соттары Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Бүгін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Арман Жұмагелдиевтің ("Дикий Арман" деген атпен белгілі) және басқа да тұлғаларға қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау жалғасуда.

"Жәбірленушілер, кейбір айыпталушылар мен адвокаттар, сондай-ақ куәгерлерден сот отырысын жабық режимде өткізу туралы өтініштер түсті. Олар айыпталушылар тарапынан өміріне және отбасына нақты қауіп төніп тұрғанын айтты.

Сонымен қатар сот адвокат пен айыптылушының прокурорларға қарсылық білдіру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты", - деп хабарлады соттан.

Естеріңізге сала кетейік, "Дикий Арманға" қатысты сот отырысы кеше басталды. Барлығы 45 адам айыпталушы орындығында отыр. Жәбірленушілердің арасында сегіз адам жасырын түрде қатысып отыр. Бұл туралы жәбірленушілердің адвокаттарының бірі айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036758-dikii-arman-isi-zabirlenusiler-ozine-zane-otbasyna-qauip-tonip-turganyn-xabarlady/