Алматыда велошеруге байланысты әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы шектеледі
Жарияланған күні:
Читать на русскомЕртең Алматыда велошеруге байланысты әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің мәліметінше, ертең таңертең әл-Фараби даңғылы бойындағы көлік қозғалысы шектеледі.
"17 қыркүйек таңғы сағат 07:00-ден 9:00-ге дейін қалалық веложарысты өткізуге байланысты әл-Фараби даңғылы бойынша қозғалыс батыс бағытта "Нұрлы тау" көпфункционалды орталығынан Мұстафин көшесі бойындағы айналымға дейін, одан әрі Мұстафин көшесінен Дулати даңғылына дейін жабылады", – деп хабардар етті қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036886-almatyda-veloseruge-bailanysty-al-farabi-dangylynda-kolik-qozgalysy-sekteledi/