Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада құрылыс компанияларының басшылары ұсталды

Жарияланған күні:

Құрылыс нысаны
Құрылыс нысаны. Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада құрылысқа тартылған қомақты қаражатты жымқырды деген күдікпен құрылыс компанияларының басшылары ұсталды. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы ресми сайтында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, биыл қыркүйек айының басында қала прокуратурасының нұсқауы бойынша полиция департаментінің өндірісіне R-Club және R-Club Deluxe ТҮК үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс берілген.

Елордалық прокуратураның ақпаратынша, құрылысқа үлескерлердің 4 млрд теңгеден астам ақшалай қаражаты тартылған, алайда іс жүзінде 900 млн теңге жұмсалғаны анықталған. Құрылыс салушы құрылысты келісім бойынша 2022 жылдың 4-ші тоқсанында аяқтауға тиіс болған, бірақ құрылыс нысаны аяқталмаған.

Қазіргі таңда құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, оларға "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Сондай-ақ бұл іс бойынша жедел-тергеу тобы құрылған.

Сонымен қатар қадағалау органы қылмыстың қалған қатысушылары мен олардың активтері анықталып жатқанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында екі ЖШС-нің құрылтайшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037033-astanada-qurylys-kompaniyalarynyn-bassylary-ustaldy/