Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман түсіп, найзағай ойнайды: еліміздің барлық өңірінде ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Тұман басқан қала
Тұман. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" 19 қыркүйекте күн райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Атырау облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең өңірдің батысында, солтүстігінде тұман болжанады.

Батыс Қазақстан облысының шығысында тұманды болады.

Павлодар облысының шығысында найзағай, түнде оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының батысы мен орталығында найзағай болжанады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысы мен орталығында найзағай кезінде күші 15-20 м/с құрайды. Өрт тұтану қаупі аса жоғары.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде – найзағай, түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Өрт тұтану қаупі аса жоғары.

Таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен батысында – найзағай, түнде және таңертең солтүстігінде, орталығы мен шығысында тұман болжанады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің солтүстігінде тұманды болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с құрайды.

Таңертең және күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігін тұман басып, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында – найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Желдің күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің басым бөлігінде өрт тұтану қаупі сақталады.

Шымкент қаласында күндіз найзағай ойнап, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең өңірдің батысында, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұманды болып, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037106-tuman-tusip-naizagai-oinaidy-elimizdin-barlyq-onirinde-eskertu-zariyalandy/