Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында мемлекетке құны 285 млн теңгенің жайылымдық жері қайтарылды

Жарияланған күні:

Жазық жер
Жазық жер. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысы Бурабай ауданында мемлекет меншігіне 30 мың гектар жайылымдық жер қайтарылды. Анықталғандай, бұл жер мүлдем тиісті мақсатта пайдаланылмаған. Жайылымдық жердің құны 285 млн теңге, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы ресми сайтында.

Ақмола облысы прокуратурасының хабарлауынша, Бурабай ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, жергілікті фермердің ауыл шаруашылығына арналған жер алқаптары пайдаланбай жатқанын анықтаған.

Талдау нәтижелеріне сәйкес, Ақмола облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Прокуратура мәліметінше, мемлекетке ауданы 30 мың гектардан астам, кадастрлық құны 285 млн теңгені құрайтын жайылымдар қайтарылды, ол ұзақ уақыт бойы тікелей нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.

Осылайша аудан аумағында жайылымдық жерлердің тапшылығы 50 пайызға қысқарды.

Прокуратура осы бағыттағы жұмысты жалғастыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037349-aqmola-oblysynda-memleketke-quny-285-mln-tengenin-zaiylymdyq-zeri-qaitaryldy/