Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбек министрлігі қазір нарықта сұранысқа ие мамандарды атады

Жарияланған күні:

Планшет, смартфон
Планшет қарап отырған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазір нарықта сұранысқа ие мамандарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметің айтуынша, ведомстводағы арнайы орталық еңбек нарығына талдау жүргізеді.

"Соның нәтижесінде ай сайын ел аумағында қандай мамандықтарға сұраныстың бары анықталады. Қазір алдымен гуманитарлық сала мамандықтары, қызмет көрсету және IT мамандары сұранысқа ие. Біз 2030 жылға қарай орта мерзімге еңбек нарығына талдау жасаймыз.

Сол арқылы ТОП-10 мамандық иесі анықталады", - дейді Сәкен Ділдахмет Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде жұмыс іздеп табудың заманауи түрлі әдістері бар.

"Пандемиядан кейін жұмыс форматтары өзгерді. Мысалы, онлайн жұмыс, фрилансер, жарты күндік жұмыс, курьерлік және такси қызметі. Жыл санап еңбек нарығының аясы кеңейіп келеді", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037439-enbek-ministrligi-suranysqa-ie-mamandyqtar-men-qyzmetterdi-atady/