Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында таңқурай отырғызуға бөлінген 900 млн теңге қолды болған

Жарияланған күні:

Таңқурай
Таңқурай. Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті таңқурайдың элиталық сортын отырғызуға бөлінген 900 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен 4 адам қамауға алынды. Бұл туралы облыстық прокуратура ресми сайтында хабарлады.

Құзырлы орган мәліметінше, шаруа қожалықтарының жер телімдерінде таңқурай отырғызылмағаны, көшеттер мүлдем сатып алынбағандығы анықталды.

"Өздерінің қылмыстық әрекеттерімен 4 адамнан тұратын топ, 2 жыл ішінде мемлекетке 900 млн теңгеден астам шығын келтірген.

07.04.2023 жылы аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 216-бабының 3-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - делінген хабарламада.

Облыстық прокуратура мәліметінше, тергеу барысында барлық күдікті қамауға алынып, олардың жалпы құны 1,9 млрд теңге құрайтын мүлкіне тыйым салынды.

12-қыркүйекте қылмыстық іс айыптау актісімен аяқталып, негізінен қарау үшін сотқа жолданған.

Құзырлы орган Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жариялауға жатпайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037561-zambyl-oblysynda-tanqurai-otyrgyzuga-bolingen-900-mln-tenge-qoldy-bolgan/