Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кісі өлтірді деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде болған өзбекстандық Астанада ұсталды

Жарияланған күні:

Күдікті
Кісен салу. Көрнекі фото: Mario Tama/Getty Images

Елордалық полицейлер төрт жылдан бері мемлекетаралық іздеуде болған 31 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын құрықтады. Ол кісі өлтірді деген күдікке ілінген, деп хабарлады Астана қалалық ПД Instagram-дағы ресми парақшасында.

Қалалық ПД мәліметінше, астаналық полицейлер "Іздестіру" жедел-профилактикалық алдын алу шарасы барысында қылмыскерді анықтады.

20-21 қыркүйекте елорда аумағында ауқымды жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, операцияның алғашқы күнінде ақ Астана қаласы Полиция департаменті қызметкерлері 7 қылмыскерді анықтап, ұстады. Сондай ақ із-түзсіз жоғалған екі азаматтың орналасқан жері анықталды.

"Елордалық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген 31 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын құрықтады. Ол 2019 жылы Наманган облысында кісі өлтірді деген күдікке ілінгені үшін іздеуде болған және қылмыс жасағаннан кейін Қазақстан аумағына өтіп, жасырынған", - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, ер адам Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазіргі уақытта Минск конвенциясына сәйкес экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037667-kisi-oltirdi-degen-kudikpen-memleketaralyq-izdeude-bolgan-ozbekstandyq-astanada-ustaldy/