Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер алдағы демалыс күндері 23-24 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, 23-24 қыркүйекте еліміздің батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысында және Ұлытау облысында жауын-шашын болмайды.
Ал солтүстік пен Қарағанды облысында өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде.
Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр күтіледі, кей уақыттарда қатты жаңбыр жаууы ықтимал.
Синоптиктер таулы аймақтарда түнде қар жаууы мүмкін екенін болжады.
Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында күн түнгі және таңертеңгі уақытта -2 градусқа дейін суытады.
Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасы +25...+30 градусқа дейін жылы болса, солтүстік, оңтүстік өңірлерде және еліміздің орталығында ауа температурасы +18...+23 көтерілуі мүмкін.
Сондай-ақ шығыста ауа температурасы +7...+13 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037743-elimizde-demalys-kunderi-aua-raiy-qandai-bolady/