Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 2037 жылдан бастап ЖОО-ға грант бөлінбеуі мүмкін

Жарияланған күні:

Студент
Студент. Фото: pexels.com

Қазақстанда 2037 жылдан бастап жоғары оқу орындарына грант бөлінбеуі мүмкін. Жоғары білім министрлігі арнайы жоба әзірледі, деп хабарлайды "Қазақстан" арнасы.

Арна мәліметінше, барлық ата-ана келешек жүйесі арқылы әр балаға ақша жинайды. Алғашқы төлем бала 5 жасқа толғанда жасалады. Мектеп бітіргенше ай сайын 1-3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша салып тұру керек.

Ал мемлекет тарапынан ол 200 мың теңгелік бастапқы жарнамен мемлекеттік сыйақы және ұлттық қор есебінен толықтырылып отырады. Бала кәмелет жасына толғанда шамамен 6 млн 800 мың теңгеге дейін ақша жинақталады.

Арна мәліметінше, гранттар кей жағдайда ҰБТ нәтижесіне қарай берілуі де мүмкін. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037808-qazaqstanda-2037-zyldan-bastap-zoo-ga-grant-bolinbeui-mumkin/