Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлия Назарбаеваның компаниясы Астанада қоқыс шығарумен айналыса ма: Экология министрі жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қоқысты реттеу
Қоқысты реттеу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін үкіметте өткен брифингте Экология министрі Ерлан Нысанбаев Әлия Назарбаеваның Астанадағы компаниясының жұмысы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Брифингте БАҚ өкілі Экология және табиғи ресурстар министрінен Астанада қоқыс шығару бойынша Әлия Назарбаеваға тиесілі компаниямен ондаған мемлекеттік келісімшарт жасалғаны туралы мәліметтің қаншалықты шындық екенін сұрады.

"Қолымда бар ақпарат бойынша бүгінде Әлия Назарбаеваның компаниясы қоқыс шығарумен айналыспайды. Егер қандай-да бір мәлімет болса, оны бөлек талқылауға дайынмын. Сіз айтқан деректерді (компаниялармен келісімшарттар - авт.) тағы бір қарап шығайын", - деп жауап берді Ерлан Нысанбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Ерлан Саиров сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте "РОП операторы" ісіндегі түпкі бенефициар Әлия Назарбаева екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038195-aliya-nazarbaevanyn-kompaniyasy-astanada-qoqys-sygarumen-ainalysa-ma-ekologiya-ministrligi-zauap-berdi/