Қарағандыдағы ірі апат: қала жарықсыз қалды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚарағандыдағы үшінші жылу электр орталығында апат болып, қаланы жарықсыз қалдырды. Жағдайға қатысты облыс әкімдігі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"ЖЭО-3-те қорғаныс кезінде технологиялық бұзылыс болды, салдарынан 220 кВ ашық тарату құрылғысы өшіп қалды. Жағдайдың себептері мен мән-жайы анықталуда. Сондай-ақ электрмен қамтамасыз етілмеген абоненттер саны да анықталуда", - деп хабардар етті әкімдіктің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағандының көшелерін жаңбырдан кейін су басқанын жазған едік.
Қала әкімі Мейрам Қожухов жаңбыр жауып, кәріз жүйесі келіп жатқан су көлеміне төтеп бере алмайтынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038524-qaragandydagy-iri-apat-qala-zaryqsyz-qaldy/