Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауа райы: бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Жарияланған күні:

Жаңбыр. Көрнекі фото:
Жаңбыр. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Қазгидромет" 30қыркүйекке арналған ауа райының болжамын жасады. Оған сәйкес, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Солтүстік-батыс циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР басым бөлігінде жаңбыр жауады, түнде оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарына қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) түседі. Республика бойынша тұман, оңтүстік-шығыста, шығыста, күндіз орталықта екпінді жел күтіледі.

Түркістан облысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталуда.

Жамбыл облысында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038875-aua-raiy-bugin-elimizdin-basym-boliginde-zanbyr-zauady/