Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында ұшақ апатынан екі адам мерт болды

Жарияланған күні:

Ұшақ
Ұшақ Көрнекі сурет: Азаматтық авиация комитеті

Қарағанды облысында ұшақ апатты жағдайға ұшырап, нәтижесінде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.

"2023 жылғы 30 қыркүйекте Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуы кезінде P2002 типті UPLA286 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін байланысқа шықпады. Іздеу кезінде қираған әуе кемесі табылды. Екі адам қаза тапты", - делінген ведомствоның ресми Telegram каналында.

Көлік министрлігінің оқиғаны тергеу департаменті осы факті бойынша тергеуді бастады.

Әуе кемесімен болған авиациялық оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 08:44-те Қарағанды облысы Доскей ауылынан 5 шақырым жерде болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038883-qaragandy-oblysynda-usaq-apatynan-eki-adam-mert-boldy/