8 адам зардап шекті: Астанада аялдамаға соғылған жүргізуші қамауға алынды
Жарияланған күні:
Астанада Mazda 6 көлігімен адамдар тұрған аялдамаға соғылған жүргізуші қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның ресми Telеgram каналында аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланды.
Бірқатар сараптама тағайындалған.
"29 қыркүйекте Астанада болған жол-көлік оқиғасына қатысты, Mazda 6 көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, Байтұрсынов көшесінде адамдар тұрған аялдамаға соғылған. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды, анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген ведомствоның мәлімдемесінде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038908-8-adam-zardap-sekti-astanada-ayaldamaga-sogylgan-zurgizusi-qamauga-alyndy/