Теміртауда ер адам 10 жыл бойы АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырып келген: сот оған үкім шығарды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚарағанды облысы Теміртау қаласының тұрғыны өзінің АИТВ індетіне шалдыққанын біле тұра, сүйіктілеріне 10 жыл бойы қасақана жұқтырып келген. Кеше сот отырысы жабық режимде өтіп, ер адамға 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Сот мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 118-бабының 3-бөлігі "Осы аурумен ауырғанын біле тұра адамның басқа адамға АИТВ жұқтыруы" бойынша іс қаралды.
Қарағанды облысы соттарының Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланғандай, азамат С. басқа адамға АИТВ/ЖИТС жұқтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны ескертілсе де, әйелдермен қорғанбай жыныстық қатынасқа түскен.
Ер адам 10 жыл бойы өзінің диагнозын біле тұра, ауру туралы ескертпей басқа адамдармен жыныстық қатынаста болған.
Сот мәліметінше, ер адамның кінәсі оның мойындауымен, жәбірленушілердің куәләрімен және іс материалдарымен ішінара расталды.
Нәтижесінде, оған қауіпсіздігі ортажа режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
"Сот жаза тағайындау кезінде оның асырауында кәмелетке толмаған баланың болуын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды"- деп атап өтті сот.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039230-temirtaulyq-10-zyl-boiy-aitv-infekciyasyn-qasaqana-zuqtyryp-kelgen-sot-ogan-ukim-sygardy/