Министрге ақша жиналғаны туралы қауесет: ТЖМ басшысы жала үшін сотқа беруге болатынын айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомҮкіметте өткен брифингте ТЖМ басшысы Сырым Шәріпханов "министр Түркістан облысы құтқарушыларынан ақша жинады" деген мәлімдемеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі бұл мәлімдемені жоққа шығарған болатын, бірақ журналистер министр Сырым Шәріпхановтан бұл мәселеге қатысты жеке пікір білдіруді сұрады.
"Иә, бұндай мәлімдеме болды, кеше ресми түрде жауап бердік, ұстанымым – адал өмір сүру және еңбек ету. Сондықтан үндеуде көрсетілген бұл фактілер шындыққа жанаспайды.
Бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Осы қызметімнің басынан бастап ашық екенімізді мәлімдеген едім. Біз Антикормен тығыз жұмыс істейміз.
Дәл осы факт бойынша тексереміз. Егер бұл жала екені анықталса, белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға болады", - деді министр.
Министр тексеру барысында жеке құрамнан тағы да жауап алынатынын айтты.
"Сонымен қатар менде жеке құрам барлығын қамтитын WhatsApp чаты бар, ол егер ол жерде бұндай ақпарат түссе, біз тексеру жүргіземіз", - деп қосты ТЖМ басшысы.
Еске сала кетейік, түркістандық құтқарушылардың министрге ақша жинағаны туралы мәлімдемеге қатысты ТЖМ пікір білдіріп, ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039289-ministrge-aqsa-zinagany-turaly-qaueset-tzm-bassysy-zala-usin-sotqa-beruge-bolatynyn-aitty/