Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"3 млн теңгеден 30 грант беріледі": "Тәуелсіздік ұрпақтары" конкурсына кім қатыса алады

Жарияланған күні:

Аудитория іші
Аудитория іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде 26 қыркүйекте мемлекет басшысы тағайындаған "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына конкурс басталды. Осы орайда Мәдениет және ақпарат министрлігі конкурсқа кім қатыса алатынын мәлім етті, деп хабарлайды ведомство ресми сайтынада.

Министрлік мәліметінше, 2023 жылы "Тәуелсіздік ұрпақтары" бойынша 3 млн теңгеден 30 грант беріледі.

"Мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау", - делінген хабарламада.

Министрлік ақпаратынша, конкурсқа 14 жастан бастап, 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Гранттар 5 бағыт бойынша беріледі:

  • "Ғылым" – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
  • "Мәдениет" – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
  • "Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
  • "Бизнес" – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
  • "Медиа" – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері биылғы жылдың 26 қыркүйегінен – 26 қарашасына дейін электрондық нұсқада t.urpaktary2023@gmail.com поштасы арқылы қабылданады.

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 74-12-78.

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім;

2) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы;

3) жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;

4)  3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы;

5) PDF форматындағы зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса);

6) PDF форматындағы жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі болуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039481-tauelsizdik-urpaqtary-grantyna-kim-qatysa-alady/